Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық тас жол жабылды
Сурет: Zakon.kz
23 ақпан күні сағат 18.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты Жетісу өңірінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"23 ақпан сағат 18.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты Жетісу облысының "Үшарал-Достық" республикалық маңызы бар автожолының Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі 84-184 шақырым аралығындағы учаскеде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.
Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 580 бірлік техника және 1129 жолшы жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript