БҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты тас жол жабылды
Сурет: Zakon.kz
БҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың нашар көрінуі) 25 желтоқсанда сағат 20.05-тен бастап «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автожолының 4-104 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz
Атап айтқанда, Орал қаласы мен РФ шекарасы аралығындағы жол учаскесі жабылды.
Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі.
Оқыс жағдай орын алса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласу сұралады.
25 желтоқсанда таңертең Алматы-Қорғас тас жолында қолайсыз ауа райына байланысты 17 көліктің қатысуымен жаппай жол апаты орын алған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript