Павлодарлық студент балық аулаудан Қазақстан чемпионы атанды

Теміртауда мұзда мормышкамен балық аулау бойынша Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
@Pavlodarnews.kz тілшісі.
Toraighyrov media Center хабарлағандай, Роман Ткачук Павлодар облысы командасының құрамында жеңіске жетіп, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы атанды. Сондай-ақ студент елдегі ең үздік 40 спортшы-балықшылардың арасында бесінші жеке орын алды.
Мұзда мормышкамен балық аулау – аталған спорт түрінің ерекшесі. Құрал-саймандардың бастысы – мормышка деп аталатын жасанды жемтік. Оның аты мормыш аталатын шаянға байланысты қойылған.
Бөлісу
0
Толық оқу