Жаңалықтар тізбегі
0

Министр Саясат Нұрбек Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми кітапханасымен танысты

Министр Саясат Нұрбек Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми кітапханасымен танысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2022 15:22 Сурет: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университенің 85 жылдық мерейтойы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек OPEN SPACE ғылыми кітапханасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.


Университетте жаңа үлгідегі ғылыми кітапхана биыл қолданысқа берілді. Кітапхананың жалпы кітап қоры 2 119 751 данадан тұрады. Сонымен қатар оқырмандар үшін электрон кітапхананы пайдалану мүмкіндігі бар.

"OPEN SPACE-те білім алушыларға барлық жағдай жасалған. Кейінгі үлгідегі компьютерлер мен ноутбуктер, оқырмандарға арналған конференц зал мен кіші зал, студенттер үшін жеке орындармен жабдықталған. Білім беру бағдарламалары бойынша барлық пәннің жаңа мазмұнды оқу құралдары мен 100 жаңа оқулық қамтылған", - деді ғылыми кітапхана директоры Гүлмира Сәтпаева.

Университеттегі білім беру бағдарламаларының 64 бағыты бойынша 90 пайыз оқу құралдарымен қамтылған. Бұдан бөлек, сирек кездесетін әдебиеттер қоры сақталған. Атап айтсақ, құнды кітаптардың бірі – 1914 жылы шыққан  "Атлас Азиатской России" кітабы. Ең алғашқы басылымдардың бірі 1760 жылы шыққан "История древней Греции" кітабы.

Сонымен бірге қорда Брокгауз бен Ефронның 82 томдық "энциклопедиялық сөздігі" (1890-1906), 1907 жылы шыққан Құран кітабының араб тілінен алғашқы орыс тіліне аударылған нұсқасы бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: