Елена Рыбакина 2022 жылғы World Tennis League турнирінде жеңіске жетті

World Tennis League-2022 Сурет: ktf.kz
Hawks әлем жұлдыздарының құрамындағы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайда өткен World Tennis League командалық турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

World Tennis League-2022 финалында Hawks (Қаршығалар) командасы Kites (Әуе жыландары) командасын 37:25 есебімен жеңіп кетті. Отандасымыз  әлемнің бірінші ракеткасы Иги Швёнтекті ұтып, командасына бірінші әрі маңызды ұпайды әперді. 

Елена Рыбакина (Hawks) – Ига Швёнтек (Kites) - 6:3, 6: 1

Феликс ОГЕ-Альяссим (Kites) – Александр Зверев (Hawks) – 6:4, 6: 3

Доминик Тим / Анастасия Павлюченкова (Hawks) – Холгер Руне / Саня Мырза( Kites) – 7:6(4), 6:3.

Айта кетсек, Дубай корттарында еліміздің алғашқы ракеткасы барлық үздік теннисшілерді жеңіп, бір де бір матчта жеңілген жоқ. Басында Елена әлемнің бесінші ракеткасы Арина Соболенкоданбасым түсті, содан кейін әлемдік рейтингте 4-ші орында тұрған Каролин Гарсия өзінің жеңілгенін мойындады. Ал шешуші матчта WTA әлемдік рейтингісінің көшбасшысы Ига Швёнтектің бетін қайтарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз