Жапонияны қалың қар басып, 9 адам мерт болды
Сурет: Twitter/takayuonsen
Жапонияны қалың қар басып, салдарынан 9 адам қаза тапты. Тағы 48 адам жарақат алды. Сонымен қатар, Хоккайдо префектурасында табиғи апат салдарынан 19 мың үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетсек, төтенше жағдай Жапон теңізінің жағалауындағы аудандарда орын алды.
NHK телеарнасының мәліметінше, Жапонияның орталық бөлігіндегі Ниигата префектурасында төтенше жағдайдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр, онда 4,8 мыңға жуық үй жарықсыз қалған.
Өткен аптаның соңынан бастап Жапон теңізінің жағалауында қар үздіксіз жауып, арты төтенше жағдайға ұласқан. Кейбір префектураларда, мысалы, Аомори, Ниигата, Фукусима және Ямагатада қар жамылғысының биіктігі 1-2 метрге дейін барған, бұл - жылдың осы мезгілі үшін рекордтық көрсеткіш. Төтенше жағдай барлығы 9 префектураны қамтыды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript