Жаңалықтар тізбегі
0

Германия Қазақстан мұнайын күтіп отыр – БАҚ

Экспорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2022 15:44 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Неміс тарапы жыл сайын 5 млн тонна қара алтын экспортына тапсырыс береді. Биыл да солай еткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде "ҚазМұнайГаз" басшысы "Хабар 24-тің" "Президент" жобасына берген сұқбатында айтты.

Мағзұм  Мырзағалиевтың айтуынша, экспорттың алғашқы партиясы келер айда Германияның шығысына жөнелтіледі.

Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытының жылдық қуаты 10 млн тоннадан астам шикізатты өңдеуге жетеді. Осылайша зауыт Берлин мен елдің шығыс аймағын отынмен қамтамасыз етеді.

Бұл арада бірнеше мәселе бар: біріншісі мұнай бағасына байланысты, екіншісі мұнайды басқа порттардан жеткізуге қатысты. Бұған дейін мұнайымызды Новоросийск теңіз порты мен Балтық теңізіндегі Усть-Луга арқылы жеткізетінбіз. Демек, осы порттардағы мұнайды алып, неміс тарапына басқа жолмен жеткізу керек болады. Қазір келіссөздер қызу жүріп жатыр. "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев

Мырзағалиевтың айтуынша, Қазақстан қара алтынды немістерге Каспий құбыр желісі консорциумымен салыстырғанда анағұрлым тиімді шартпен саудаламақ.

Айта кетсек, бұған дейін Германия ресейлік мұнайдан бас тартып, оны қазақстандық өнімге алмастыратыны жайлы ақпарат тараған болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: