Қазақтың қамысын Германия сатып алып жатыр
Pixabay
Жалпы, жыл басынан бері өңірден 13,9 млн доллардың 38,9 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталған.
Биыл Қызылорда облысынан тұңғыш рет Германияға қамыс экспортталды, деп хабарлайды zakon.kz LS басылымына сілтеме жасап.
"2020 жылы тұңғыш рет Германияға 122,1 тонна қамыс экспортталды. Немістер қамысты өріп, оны үй шатырларына жабынды ретінде пайдаланады", – делінеді облыс әкімдіктің хабарламасында.
Жалпы, жыл басынан бері өңірден 13,9 млн доллардың 38,9 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталған. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 116,7 пайызға өсіпті.
"Экспортталған өнімнің ішінде балық, күріш, бидай кебегі және қамыс бар. Өнім Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Әзербайжан, Моңғолия, Тәжікстан, Украина, Түркіменстан, Өзбекстан, Грузия, Қытай, Польша, Германия, Литва және Иракқа экспортталады ", – дейді әкімдік.
Еске салсақ, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанның ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортына салынған шектеулердің бәрі алынған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript