Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысының Жарқайың ауданы 417 мың тонна астық экспорттаған

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2018 23:32 Zakon.kz
Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі 26,9 миллиард теңгені құрап, 584 мың тонна астық жиналған.

Бұл жайында Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан халыққа есеп беру кездесуін атап өтті. Жыл нәтижесі сарапталған қорытынды жиынға Ақмола облысы әкімінің орынбасары, ауданның құрметті азаматы Асқарбек Үйсімбаев қатысты, деп Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы хабарлайды.

Кездесу барысында аудан басшысы биылғы жыл Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауымен басталғанын, халықтың болашаққа деген сенімі нығайғанын тілге тиек етті.
М.Балпан өз баяндамасында өңір дамуының басым бағыттарына кеңірек тоқталып, 2017 жыл аудан үшін нәтижелі жетістіктерге, маңызды оқиғаларға толы жыл болғандығын атады. Сондай-ақ, жұмыссыздық деңгейі төмендеп, әлеуметтік нысандар бой көтерген.

Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі 26,9 миллиард теңгені құрап, 584 мың тонна астық жиналған. Соңғы бес жылда ауданның егістік алқаптарының көлемі – 94 мың гектарға ұлғайып, 622,5 мың гектарға жеткен. Астық халықаралық сұранысқа ие. Атап айтқанда, соңғы үш жылда 417 мың тонна астық экспортталған.

Егін шаруашылығында алға басу байқалғанымен, мал шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында ілгерілеушілік байқалмайды. Ірі қара саны есептік жылда 1,4 пайызға азайып, 12,2 мың басты құрады. Сол себепті сүт-тауарлары фермасы, сүт өңдеу цехы, ет комбинаты, мал бордақылау алаңдары мен мал сою пункттерін ашу жоспарға енгізілген.

Коммуналдық салада биылғы жылы Державин қаласында жылыту қазандығы салынбақ, осы істің нәтижесінде 7 көп қабатты үй, әлеуметтік нысандар, 5 сауда үйі орталықтандырылған жылу беру жүйесімен қамтылады.

Тұрғындар тарапынан қойылған жылу жүйесіне қосылу, қоғамдық көлік маршруты, жол құрылысы сапасын қадағалау бойынша қоғамдық комиссия құру, «Масалы ТКБК» ашылуы бойынша сұрақтарға аудан басшысы нақты жауаптар берді.

Жарыссөзге ауданның құрметті азаматы Борис Швачкин, «Костычев» ЖШС директоры Балғабай Қабжанов, жас ұстаз Зинат Мықтыбекова, жеке кәсіпкер Сергей Филлипук қатысты.

Кездесу соңында «Державинская Агропромтехника» ЖШС директоры Валентин Сидоров «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «СХП Отрадный» ЖШС директоры Қасым Қожабеков Ақмола облысы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан жерлестеріне әкім алғыс хаттарын табыстады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: