Жаңалықтар тізбегі
0

Қазан айында Қазақстаннан 860 мың тонна астық пен ұн экспортталды

ҚР АШМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2020 16:34 ҚР АШМ
617 мың тонна бидай, 164 мың тонна бидай ұны (235 мың тонна астық эквивалентінде) және 9,7 мың тонна арпа.

Еліміз астық пен ұн экспорты бойынша жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр, деп хабарлайды zakon.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың қазан айында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен "ҚТЖ" АҚ-ның деректері бойынша Қазақстан шетелге 862 мың тоннаға жуық астық пен ұн саудалады.

Оның ішінде 617 мың тонна бидай, 164 мың тонна бидай ұны (235 мың тонна астық эквивалентінде) және 9,7 мың тонна арпа.

Бидай мен ұнның басым бөлігін Өзбекстан (327,6 мың тонна), Ауғанстан (230,3 мың тонна) және Тәжікстан (150,5 мың тонна) сатып алды. Арпаның барлық көлемі дәстүрлі түрде Иранға экспортталған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ағымдағы жылы Қазақстанның дихандары жоғары сапалы дәнді дақылдар алғанын атап өткен болатын. Сонымен қатар, ҚР АШМ басшысы Қазақстанның астық пен ұнды сату мәселелеріндегі экспорттық стратегиясы коронавирус пандемиясына қарамастан өзгерістерге ұшырамайтынын мәлімдеген.

2020 жылғы 27 қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысымен кездесу өткізіп, онда өңделген өнім экспортының көлемін ұлғайтуды және отандық аграршылар үшін жаңа нарықтар ашу бойынша белсенді жұмыс жүргізуді тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: