Қазақстанда астық пен ұн экспорты 9,9 млн тоннаға жетті

Зерно, пшеница, посев, сельское хозяйство, сельхозтехника, комбайнеры, сельскохозяйственная техника, сбор зерна, урожай, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2026 21:56 Фото: akorda.kz
2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың наурызына дейінгі аралықта астық пен ұн экспорты (астық баламасында) 9,9 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы осы кезеңінде бұл көрсеткіш 8,7 млн тонна болған. Бұл сыртқы нарықтарға жеткізілім көлемінің артқанын көрсетеді.

"Мәселен, Өзбекстан еліне астық экспорты 15%-ға өсіп, 7,3 млн тоннадан 8,4 млн тоннаға жетті. Қырғызстан бағытына 1,7 есеге ұлғайып, 233 мың тоннадан 393 мың тоннаға артты",- делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, Ауғанстан бағыты бойынша экспорт 35%-ға өсіп, 1,1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін жетті. Түрікменстан еліне жөнелтілімдер де 1,5 есеге көбейіп, 105 мың тоннадан 156 мың тоннаға ұлғайды.

Бұған дейін Қазақстанда ауа райы күрт құбылғандығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: