Жаңалықтар тізбегі
0

ҚМА Қайрат Боранбаев пен Qazaq Gaz АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасарына қатысты істі тергеуді аяқтады

Қайрат Боранбаев, Qazaq Gaz, жемқорлық, ҚР ҚМА, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2022 14:14 Сурет: Zakon.kz
Қаржылық "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа және Qazaq Gaz АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қылмыстық іс сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша тергелді.

Сондай-ақ Агенттік өкілдері 2022 жылғы 23 желтоқсанда Бас прокуратура істі соттың қарауына жібергенін атап өтті. Ұлттық компанияға келтірілген залал Qazaq Gaz АҚ шоттарына аудару арқылы толық көлемде өтелді. 

Аяқталған іс шеңберінде азаматтық талап қою және мүлікті тәркілеу бөлігінде үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында айыпталушылардың 38 млрд теңге сомасындағы ақшалай қаражатына, 15 жылжымайтын мүлік объектісіне, 3 автокөлік құралына тыйым салынды. 

"Агенттік Қайрат Боранбаевқа және басқа адамдарға қатысты газ экспорты кезінде ұрлау және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері бойынша бөлінген істер шеңберінде сотқа дейінгі тергеуді әлі жалғастырып жатыр". ҚР ҚМА баспасөз қызметі

 ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

2022 жылғы 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

30 қыркүйек күні Қайрат Боранбаевқа қатысты қозғалған іс бойынша тергеу аяқталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: