Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша сот отырысы басталды

Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2022 11:39 Сурет: "Қайрат" ФК
Астана қаласы Сарыарқа ауданының No2 сотында «АзияГазЧунджа» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен оның уәкілетті өкілі Роман Нахановқа, сондай-ақ іс бойынша басқа да айыпталушыларға қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының No2 сотында алғашқы сот отырысы басталды. Журналистерге сот залында қатысу немесе онлайн байланыс орнату мүмкіндігі бар.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, процеске No2 Сарыарқа сотының судьясы Назгүл Бапақова төрағалық етуде.

Бұл процеске Қайрат Боранбаевтың қызы Әлима Қайрат та қоғамдық қорғаушы ретінде қатысуда.

17 наурызда қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ұсталып, қамауға алынғаны белгілі болды.

26 желтоқсанда Қаржы мониторингі агенттігі «AsiaGazChunja» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа, сондай-ақ «Qazaq Gaz» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзаққа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Сотталушылар сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңгені жымқырды және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деген күдікке ілінді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: