Шымкент тұрғыны "қызыңды грантқа түсіріп беремін" деп танысының 1 миллион теңгесін алдап алған

Пара Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысы Жетісай ауданы полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғанын айтқан. Ол танысы "қызыңды жоғары оқу орнына грантқа түсіріп беремін" деп сеніміне кіріп, 1 000 000 теңгесін алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, полиция бұл істі ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеді.

Жетісайлық полицейлер тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде жұмыссыз, Шымкент тұрғынын анықтады.

Ол Жетісайға қыдырып барған екен. Ал ақшаны қажетіне жаратып жіберген. Полиция оның бұдан өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз