Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкент спортшылары жаттығуды жаңа атшабарда бастады

атшабар ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2022 11:30 Сурет: Шымкент қаласының әкімдігі
Шымкенттегі Бозарық шағынауданынан бой көтерген жаңа ипподромның құрылысы техникалық тұрғыдан аяқталып, қаладағы арнайы ат спорты мектебінің шәкірттері жаттығуларын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов нысан басына барып, жоба жетекшісі және жас спортшылармен кездесіп, пікірлесті. Атқарылуға тиіс өзге де жұмыстардың барысын көрді.


атшабар ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2022 11:30

Сурет: Шымкент қаласының әкімдігі



Мұрат Дүйсенбекұлы ипподром шаһардың ең көрікті жерлерінің біріне айналатынын айта келе, нысан құрылысының халықаралық талапқа сай жүргізілгенін және жаңа атшабар ат спорты және ұлттық спорт түрлерін қаламызда ғана емес, республика деңгейінде дамытуға бірден-бір сеп болатынын жеткізді.

"Жобаны аяқтауға бар күш-жігерін салған ұжымыма алғыс айтамын. Біздің сыйлығымыз тұрғындарға ұнайды деген үміттеміз. Ресми ашылуын наурызда жасауды жоспарладық", - деді жоба жетекшісі Айдын Жәкежанов.


атшабар ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2022 11:30

Сурет: Шымкент қаласының әкімдігі


Атшабар құрылысында 20 мердігер компания 500-ден астам жұмыс қолы жұмылдырылған.    

Ипподром 1500 көрерменге арналған. Ат аренасы бар манеждерден басқа 53 ат қора, жабық стенд ғимараты, ветеринарлық блок, көмекші бөлмелер, 310 көлікке арналған кең тұрақ қарастырылған. Трибунаның жоғарғы қабатында ашық терраса бар. Жылқылар мен шабандоздардың қауіпсіздігі үшін арнайы амортизациялық қоршаумен қоршалған ұзындығы 2012 метр жарыс жолы салынды. 


атшабар ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2022 11:30

Сурет: Шымкент қаласының әкімдігі

Сонымен қатар көкпар мен атпен секіруге арналған алаңы да бар. Ол алаңдар кварцты құмымен толтырылып, табиғи тастармен, жасыл желекпен ерекшеленетін болады.


атшабар ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2022 11:30

Сурет: Шымкент қаласының әкімдігі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: