Шымкентте Жаңа жыл қарсаңында 203 отбасы баспаналы болды
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі
Әкімдік ақпаратына сүйенсек, пәтерлер баспана кезегіндегі азаматтарға "Отбасы банк" АҚ арқылы "2-10-20" және "5-10-20" жеңілдік шарттарымен берілді. Қоныстанушылар арасында ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың қызметкерлері бар.
Қала әкімі қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаудың маңызды бөлігі екенін және қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.
Белгілі болғандай, Бозарық шағынауданында мемлекеттік тұрғын үй саясатын жүзеге асыру аясында 444 пәтерлі 12 тұрғын үй кешені салынуда. Қалған пәтерлер азаматтардың төлем қабілеттілігі тексерілгеннен кейін бөлінеді.
Бұған дейін 2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ға қанша талапкер қатысатындығын жазғанбыз.