Жаңалықтар тізбегі
0

Республика күні қарсаңында бір топ ақтөбелік баспаналы болды

Республика күні қарсаңында бір топ ақтөбелік баспаналы болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 16:18 Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Республика күні қарсаңында Ақтөбе қаласындағы әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есет батыр тұрғын алабынан салынған 265 пәтерлік, 9 қабатты жаңа үй әлеуметтік санаттар бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорының кезегінде тұрған азаматтарға берілді. Олардың қатарында жетім балалар санаты бойынша кезектегілер, мүгедек жандар, толық емес отбасылар бар.

Республика күні қарсаңында бір топ ақтөбелік баспаналы болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 16:18

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пәтер кілттерін табыстау салтанатын Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет өткізді. Ол алдымен жаңа қоныс Республика күнімен құттықтады және кезектегі азаматтарға биыл жыл соңына дейін 600-ден астам пәтер берілетінін атап өтті.

Республика күні қарсаңында бір топ ақтөбелік баспаналы болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 16:18

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі

"Алдымен баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін айырықша мереке - тәуелсіздіктің бастауы. Бұл күннің қадір-қасиетін жастарға, балаларымызға жиі айтып, насихаттауымыз керек. Осы айтулы мерекенің қарсаңында бүгін сіздердің қуаныштарыңызды бөлісіп отырмыз. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Биыл жыл соңына дейін 624 пәтер береміз деген жоспар бар. Осы өздерің көріп тұрған 9 қабатты, 265 пәтерлі үй - жақсы жаңалықтың бастауы. Есет батыр алабында бұдан өзге де бірнеше үй салынып жатыр. Құрылысты келесі жылы да жалғастыратын боламыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр шаңыраққа береке-бірлік тілеймін! Қоныс құтты болсын!", - деді Азамат Бекет.

Бүгін баспаналы болғандардың бірі Жанаргүл Иманбаева кезекке 2009 жылы жетім бала санаты бойынша тіркелген. Осы күнді асыға күткенін айтты.

Республика күні қарсаңында бір топ ақтөбелік баспаналы болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 16:18

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі

"Менің үш балам, жолдасым бар. Отбасымызбен қатты қуанып жатырмыз. Үш бөлмелі пәтердің кілтін алып тұрмын. Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше қуанышты күн", - деді ол.

Сол сияқты үй кезегін күтіп, жаңа пәтерге қол жеткізгендердің бірі Венера Нұрғалиева да қуанышымен бөлісті.

"Балам екеуіміз осы сәтті асыға күттік, ұзақ күттік. Толық емес отбасы санаты бойынша кезекте тұрдық. Бүгін кілт бұйырды бізге. Алғысым да, қуанышым да шексіз", - деді Венера.
Республика күні қарсаңында бір топ ақтөбелік баспаналы болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 16:18

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кету керек, қалада соңғы 2 жылда кезек ретімен 210 пәтер берілген болатын. Оның ішінде кезекте тұрған көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, толық емес отбасылар қамтылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: