Жаңалықтар тізбегі
0

10 кеңес: Жаңа жыл қарсаңында нені істеуге болмайды

Жаңа жыл түнін қалай қарсы алмау керек, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2022 13:59 Сурет: Zakon.kz
Жаңа жыл түні сиқыр мен ғажайыпқа толы. Сондықтан оны қарсы аларда белгілі ережелерді ұстанған дұрыс. Мереке сәтті өтуі үшін адамдар Жаңа жылды тойлау кезінде бірқатар қатеден аулақ болуы керек. Zakon.kz мерекелік түнде не істеуге болмайтыны туралы символикалы 10 кеңес жинады.

1. Жаңа жылды шашылып жатқан не лас үйде қарсы алуға болмайды

Мереке қарсаңында пәтеріңізді тазаламай қоя алмайсыз. Жылды жақсы өткізу үшін психологтар, дәлірек айтсақ, адамның мінез-құлқын зерттейтін бихевиористер мерекеге бірнеше күн қалғанда үйді жалпы тазалауға кеңес береді. Бұрыннан келе жатқан ырымға сүйенсек, 31 желтоқсанда күн батқаннан кейін үйді жинау немесе қоқысты шығару қажет емес. Әйтпесе, білеге ұшырап жүресіз деген сенім бар.

2. Үстел басына үй киіммен немесе ұсқынсыз киініп отыруға болмайды

Стилистер Жаңа жылға сіздің гардеробыңыздан алдағы жылдың талаптарына сай келетін ең сәнді және әдемі киімді таңдауға кеңес береді. Бұл күні сіз 2023 жылдың келесі күндері сияқты назарда болуға тырысып көріңіз.

3. "Болмасын, жоқ болсын" сөздеріп қосып тілек айтпау керек

Жаңа жыл қарсаңында тілек айтпас бұрын, оның әр сөзін ескеру маңызды. Астрологтар "болмасын, жоқ болсын" теріс мәніндегі сөздерін қолданбауды ұсынады. Себебі тілек орындалмауы мүмкін деседі. Сарапшылар армандарыңызды нақты, айқын тұжырымдауға кеңес береді. Мысалы: "Мен бақыттымын", "Мен баймын", "Мен табыстымын" және тағы басқа.

4. Алкоголь мен майлы тағамдарды көп тұтынбау керек

Өзіңіз бен жақындарыңызды ойласаңыз, мерекені бұзбау үшін диетолог алкоголь мен майлы тағамдарды асыра пайдаланбауды ұсынды. Бұл өнімдерден уланып қалсаңыз, Жаңа жыл кешіндегі көңіл-күй бұзылады. Оған қоса сол түннен нашар естелік қалуы ғажап емес.  

5. Қоғамдық орындарда ішпеңіз

Жаңа жыл қарсаңында бір бөтелке ішімдіксіз көшеге шығатындар аз. Ал қоғамдық орындар жабық болса, жақсы. Қонақта болсаңыз, үйдегі мерекелік дастарханға асығыңыз. Себебі Қазақстан заңы бойынша қоғамдық орындарда алкогольді ішуге тыйым салынған. Әкімшілік кодекспен және қоғамдық орындарға мас күйінде шыққаны үшін жазаланады. Полиция көшеде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу 5 АЕК көлемінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салады.

6. Ережені бұза отырып, отшашуды жағуға болмайды

Жаңа жылдық мерекелердің өзгермейтін атрибуты - пиротехника. Отшашуды тамашалаған әдемі, бірақ әрқашан қауіпсіз емес. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қауіпсіздік шараларын бұзған жағдайда оңай күйіп қалуыңыз мүмкін екенін, салют қолыңызда жарылып кетуі мүмкін екенін еске салады. Пиротехника қауіпті, сондықтан барлық қауіпсіздік ережесін сақтаған дұрыс.

7. Балаларды Жаңа жыл қарсаңында ересектердің қарауынсыз жіберуге болмайды

Егер кәмелетке толмаған бала түнде ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрсе, ол полиция бөлімшесіне түсуі мүмкін. Балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуы 7 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Жаңа жылды жалғыз тойламаңыз

Жаңа жылды жалғыз тойлау да жаман белгі болып саналады. "Жаңа жылды қалай қарсы алсаңыз, оны солай өткізесіз" деген бар. Психологтар интроверттерге бұл күні белсенді болып, мерекені отбасы мен жақындарының ортасында тойлауға кеңес береді.

9. Мереке кезінде дастархан басында ұрысуға болмайды

Жаңа жылдық дастархан басында ант беруге қатаң тыйым салынады. Өсек-аяңнан, жанжалды жағдайлардан, жала жабудан, дау-дамайдан аулақ болу керек. Дәстүрлі түрде көп адам жиналған кезде түрлі әңгіме айтылып, соңы дау-дамайға ұласу қаупі бар.

10. Жаңа жылды қарызға алып тойламау керек

31 желтоқсаннан 19 қаңтарға дейін қарыз алып, қарызға ақша бермеген дұрыс. Жаңа жылды қарызсыз қарсы алған жөн. Әйтпесе, келер жылды қарызға батып, оны төлеумен өткізу қаупі бар.

Жаңа жылды жақсы өткізу үшін сарапшылар тақырыптық кеш ұйымдастыруға кеңес береді. Егер сіз үйге қонақ шақырсаңыз, барлығы мерекелік киіммен суретке түсе алатын фото аймақ құру тамаша идея болмақ. Сонымен қатар отбасыңызбен жиналып, үстел ойындарын ойнай аласыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: