Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік қымбаттай ма
Сурет: Zakon.kz
Сауда министрі Арман Шаққалиев Астанада өткен брифингте "қазақстандықтар Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік қымбаттайтынына дайын болуы керек пе?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Арман Шаққалиев баға мониторингінің кейінгі мәліметтерін ұсынды.
"Қазақстанда баға мониторингін Ұлттық статистика бюросы жүргізеді, біз бұл деректерді үнемі қолданамыз. Кейінгі мәліметтерді айтайын. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өзгеріссіз болды. Онда 19 позиция бар екенін еске сала кетейін. Жай ғана өзгеріс жоқ. Жаңа жылдық қоржынға қатысты дастарханның баға индексіне сай белгілі бір болжам бар. Біз шартты түрде 37-ге жуық тауарды алдық. Кейбір позицияда белгілі бір өзгеріс бар. Мысалы, жұмсақ қаптамадағы сүт, мандарин, шампан сияқты", - деді министр.
Ол бағаның көтерілу себебін де тізіп берді.
"Шамамен 10,3% жылдық инфляциямыз бар. Жаңа жылдық қоржын үшін ол шамамен 10-10,7% болады. Иә, өзгерістер бар. Бәріміз Жаңа жылда әрдайым тойлаймыз. Бұл - маусымдық кезең. Оның ішінде мереке қарсаңында бағаның өскені байқалады. Дегенмен оның индекстер шегінде белгілі бір мәні бар", - деп түсіндірді Сауда министрі.
Оның айтуынша, жұмыртқаның қымбаттағанын тежеу мүмкін болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript