Павлодарлық өрт сөндіруші Қазнет қолданушыларын тәнті етті
Сурет: Instagram/tipavlo.dar
Павлодарлық өрт сөндіруші Мәрлен Әбенов Ломов көшесіндегі үйлердің бірінде шыққан өрт кезінде тұрғындарды эвакуациялауға көмектесіп, әлеуметтік желі қолданушыларын сүйсінтті. Бүгін Мәрлен демалуы керек болған, бірақ ол құтқару ісіне білек сыбана кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Tipavlo.dar Instagram парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Мәрлен Әбенов көк түтін кезінде көршісіне сыртқа шығуға көмектесіп, кейін жертөлеге түсіп, бөтелкемен су құйып, өртті сөндірмек болған.
"Қауіпті іс болғаны түрінен көрініп тұр. Міне, сіз бен біздің өрт сөндірушілеріміз – сондай қаһарман жандар", деп жазылған Instagram-дағы жазбада.
Қазнет қолданушылары Мәрленнің бұл ерлігіне тәнті болып, оған амандық тілеп, осындай ұл тәрбиелеген ата-анасына алғысын білдірді.
- "Алла разы болсын! Бейбіт заманның батыры!"
- "Алла разы болсын бауырымызға"
- "Жарайсыздар, айналайындар! Алла жар болсын!"
- "Алла разы болсын!"
- "Жыл фотосы! Қажырлы еңбектері үшін рахмет!"
- "Сүйкімді екен! Көзінен мейірім төгілген!"
- "Жарайсың, батыр! Пәтер беріңдер!"
- "Бұл жігіттер – заманымыздың нағыз қаһармандары!"
- "Жымиғаны сүйкімді екен! Жарайсың, жігіт!"
- "Осындай жіттерге беру керек медаль, ақша. Мықты жігіт".
- "Шері демалыста да шері"
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript