Қазнет қолданушыларын тәнті еткен павлодарлық өрт сөндіруші мапаратталды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығымен өрт кезінде адам өмірін аман алып қалудағы ерен еңбегі үшін Павлодар қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау кіші сержанты Марлен Әбенов "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" белгісімен марапатталды.
Марлен Әбеновке марапатты Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Шаймарденов табыс етті.
Желтоқсанның 28-і күні павлодарлық өрт сөндіруші Марлен Әбенов өрт сөндіру кезіндегі әрекетімен Қазнет қолданушыларын сүйсінтті. Ол Ломов көшесіндегі үйден шыққан өрт кезінде адамдар мен мүлікті құтқаруға белсене қатысқан.