Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда балконнан салбырап тұрған баланы құтқарған студент марапатталды

Марапаттау рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2022 20:43 Сурет: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің дене шынықтыру факультетінің 18 жастағы студенті Ерасыл Махмұд «Төтенше жағдайдағы Ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыда марапатты ұжым алдында салтанатты жағдайда ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің атынан Алматы қаласы ТЖД бастығы Руслан Қасымбаев тапсырды. Ол Ерасылдың ата-анасына балаға лайықты тәрбие бергені үшін алғысын білдіріп, Қазақстанда осындай жастар барда аға буын еліміздің болашағына қатты алаңдамай, сенімді болатынын атап өтті. Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, баланы құтқару кезінде көрсеткен жедел әрекеті үшін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ермекбай Тамабаев ҚР ТЖМ алғыс хатымен марапатталды, ол да баланы құтқару процесіне қатысқан.

Марапаттау рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2022 20:43

Сурет: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

21 шілдеде Ерасыл Махмұд көмек сұраған 67 жастағы Ермекбай Тамабаевты тыңдап, тұрғын үйдің жетінші қабатындағы балконның темір торынан салақтап тұрған балаға ұмтылды. Темір тордан ұстап, өмірі үшін жанталасқан кішкентай баланың күші әбден сарқылып бара жатқанда Ерасыл көмекке келіп, оны құтқарып қалды. Содан кейін баланы анасына табыстады. Ерасылдың батыл әрекеті мен оқыс жайтқа бей-жай қарай алмаған Ермекбай Тамабаевтың қырағылығының арқасында бала аман қалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: