Суға батып бара жатқан баланы құтқарған студент марапатталды

Суға батып бара жатқан баланы құтқарған студент марапатталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2025 17:25 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан-Америка Еркін университетінің 2 курс студенті Ерасыл Омарханов "Суға батқандарды құтқары үшін" медалімен марапатталды.

Оқиға 2025 жылғы 13 мамырда болған.

Ерасыл Омарханов Үлбі өзенінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған. Бала әпкесімен өзен жағасында серуендеп жүрген кезде суға құлап кетіп, судың ағысы оны алып кете бастаған. Ерасыл  дер кезінде қасында болып, баланы құтқарып қалды. 

"Төтенше жағдайлар министрінің атынан көрсеткен ерлігі үшін алғыс айтамыз! Біздің өңірде өскелең ұрпақтың лайықты үлгі алатын осындай батырлары барына қуаныштымын!" - деп атап өтті ведомстволық марапатты табыстаған ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: