Республиканың 10 өңірінде жаяу бұрқасын, көктайғақ пен тұманға байланысты ескерту жарияланды

Қыс Сурет: pixabay
Қазақстанның 10 өңірінде жаяу бұрқасын, көктайғақ пен тұманға байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады.

ҚМЖ 28 желтоқсан сағат 21:00-ден 29 желтоқсан сағат 21:00-ге дейін Семей, Риддердегі қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстік-батысында көктайғақ болады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғады. Өңірдің солтүстігінде тұман болады.

28 желтоқсан сағат 21:00-ден 29 желтоқсанғы сағат 21:00-ге дейін Өскеменде де қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды. 

Маңғыстау облысында жауын-шашынды, (қар, жаңбыр), көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші — 15-20 м/с. 

Шымкентте 29 желтоқсанда түнде тұман болады. 

Қостанай облысында қар жауады. Өңірдің батысында жаяу бұрқасын соғады, оңтүстігінде тұман.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз