Жаяу бұрқасын, жел, тұман. 23 қаңтарда Қазақстанның 4 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жел, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2023 15:43 Сурет: pixabay
23 қаңтарда жаяу бұрқасынқа, желге, тұманға байланысты Қазақстанның 4 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында күндіз жаяу бұрқасын болдаы. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, түнде және таңертең тау асуларында екпіні 23-28 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: