Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

тұман, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2023 17:17 Cурет: Zakon.kz
Қазақстанның 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысында көктайғақ, тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың орталығында күндіз күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Абай облысында жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында екпіні - 15-20, Жарма ауданында екпіні 26 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында екпіні - 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысында да жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Атырау облысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Астанада кей уақыттарда тұман түседі.

Түркістан облысында да тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, тау асуларында күші - 15- 20 м/с.

Ұлытау облысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с болады.

Жетісу облысында да тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. 

Қостанай облысының көп бөлігінде күндіз қар жауады. Жаяу бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Ақмола облысында жаяу бұрқасы, тұман. Екпіні секундына 15-20 метр болатын жел тұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: