Астанада ақша айырбастау пунктінің маңындағы тонау әрекеті видеоға түсіп қалды

Тонау Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Астанада ақша айырбастау пунктінің маңында белгісіз біреулер ер адамды тонамақшы болған. Болған жайт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға елорданың 23 жастағы тұрғыны күндізгі уақытта белгісіз адамдар өзін тонап, 5 мың доллар көлеміндегі ақшасын ұрламақ болғандығына арызданған.


Аталған факті бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында елордалық полицейлер "Daewoo Lacetti" маркалы автомашинасын анықтады. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы аумағында 54 және 25 жастағы күдіктілер ұсталды. Автокөлікті тексеру барысында 8 патроны бар газды тапанша, тапанша түріндегі оттық және медициналық қара маска тәркіленді.Астана қаласы ПД баспасөз қызметі 


Қазіргі уақытта ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз