Шымкентте көлік жүргізушісі 600-ден астам үйді газсыз қалдырды

Шымкент, газ құбыры, газ, көлік, жол-көлік оқиғасы Сурет: polisia.kz
Opel Vectra көлігі жүргізушісінің кінәсінен 600-ден астам үй газсыз қалды. Бұл жағдай 30 желтоқсан күні сағат 5:30-да Шымкенттің Құрсай шағын ауданында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол көлік тізгініне ие бола алмай, қысымы жоғары газ құбырына соғылды.

Полицейлер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабымен ("Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы") әкімшілік хаттама толтырды.

Материалдар сотқа жіберіледі. Көлік жүргізушісінен газ мекемесіне келтірілген материалдық шығын өндіріледі.





Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз