Алматыда көлік өртеніп кетті

көлік өртенді, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2022 10:48 Сурет: Zakon.kz
Алматыда Орбита-3 шағын ауданында Ford Mondeo көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәуірдің 21-і күні сағат 8:38-де 101 пультіне Бостандық ауданы,Орбита-3 ықшамауданынан хабарлама келіп түсті. Яғни 16 үйдің алдында «Форд Мондео» автокөлігі өртеніп жатқаны анықталды.

Бізді көлік иесінің өзі қарсы алды. Өртті сағат 09:03-те сөндірдік. Естеріңізге сала кетейін, көліктегі өрт тез таралып, оны 2-3 минуттың ішінде толығымен жойып жібереді. Сондықтан мамандандырылған техникалық қызмет көрсету станцияларында автокөліктердің электр жабдықтарын тексеру керек, көлікте әрқашан жұмыс істейтін өрт сөндіргіштері болуы керек. ПЧ-17 қарауыл бастығы Жандос Сәтімбек
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: