Көкшетауда жаңажылдық шыршаның жанында дәрет сындырған тұрғын жазаланды

Жаңажылдық шыршаның жанында дәрет сындырған Көкшетау тұрғыны жауапкершілікке тартылды   , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2022 18:13 Cурет: polisia.kz
Оқиға 28 желтоқсанға қараған түні облыс орталығының орталық алаңында болған. Бұзақылықтың айқын фактісі бейнебақылау камераларының объективіне түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz хабарына қарағанда, 28 желтоқсан шамамен сағат 05:00-де алаңдағы мониторинг барысында бейнебақылау инспекторы Абылай хан алаңында бірі жаңа жылдық шыршаның жанындағы мұз мүсінінің қасында дәрет сындырған екі әйелді байқады.

Оқиға орнына жақын маңдағы полиция жасағы жіберілген.


Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы бойынша (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама жасалды. Ақмолалықтармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: