Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев ресейлік қандастарымызды мемлекеттік наградамен марапаттады

Марапаттау рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2022 14:42 Сурет: Facebook/Otandastar qory
Ресейлік қандастарымыз мемлекеттік марапатқа ие болды. Бұл туралы ақпаратты "Otandastar Qory" коммерциялық емес акционерлік қоғамы таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.


Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешімімен Ресей Федерациясы Красноярск қаласының "Ақ Жайық" жергілікті қазақ ұлттық-мәдени автономиясы қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары Гүлнар Ғарифқызы мен "Омбы қазақтары" қоғамдық ұйымының негізін қалаушы, "Омбы қазақтары" өңірлік мәдени-ағарту газетінің бас редакторы, Ресей Журналистер Одағының мүшесі Торғын Мұхамедиярқызы "Шапағат" медалімен марапатталды, делінген хабарламада.

Қандастарымыз "ШАПАҒАТ" құрмет наградасына мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі мен халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ие болды.

Гүлнар Гарифқызы 2012 жылдан бастап Красноярск өлкесінің аумағында қазақ мәдениетін сақтауға және насихаттауға баға жетпес үлес қосып келеді.

Торғын Мұхамедиярқызы 2008 жылы "Омбы қазақтары" қоғамдық ұйымын құрды. Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, дәріптеуге, әсіресе жастар арасында дәстүрлі құндылықтарды, тіл мен мәдениетті дамытуға көптеген маңызды жобаларды жүзеге асыруда.

Ұйымның ең танымал жобалары: жалпықалалық Наурыз, "Ару қыз" - талант және сұлулық байқауы, "Достық лигасы" жастар бүкілресейлік ұлтаралық форумы, қазақ жастарының "Алға" форумы және т.б.

30 желтоқсанда Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінде өткен салтанатты шарада медальді Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ермек Беделбайұлы Көшербаев табыстады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: