Оқу-ағарту министрі болып Ғани Бейсембаев тағайындалды

Ғани Бейсембаев министр болды Сурет: primeminister.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Асхат Аймағамбетовты қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекет басшысы Асхат Қанатұлы Аймағамбетовты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатты.

Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған. 
  • 1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі.
  • 1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
  • 1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры.
  • 1997-2000 жылдары — ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі.
  • 2000-2001 жылдары — Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы.
  • 2001-2006 жылдары — қосымша білім беру орталығының директоры.
  • 2006-2020 жылдары — халықаралық білім беру орталығының бас директоры.
  • 2006-2007 жылдары — техникалық-экономикалық колледж директоры.
  • 2020 жылы ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.
  • 2020 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.
  • 2022 жылы 18 наурызда ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз