Тоқаев: Қазақстан реформатор мемлекетке айналды

4 қаңтарда Конституциялық сот судьяларымен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан жаңа дәуірге шешуші қадам жасады.
Сондай-ақ Президент елімізде бұрын-соңды болмаған саяси реформалар жүргізіліп жатқанын қосты.
«Қазір әлемде мұндай ауқымды және мазмұнды реформаларды жүргізіп жатқан мемлекеттер көп емес. Бұл бүкіл халықаралық қауымдастық мойындаған факт». Қасым-Жомарт Тоқаев
Соңында Президент Қазақстанның реформатор мемлекетке айналғанын айтты.
Тоқаев Жаңа Қазақстанның іргелі қағидасы – әділдік екенін де қадап айтты.
Бөлісу
0
Толық оқу