Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы тауларында қар құрсауында қалып кеткен 38 көлік табылды

Эвакуациялау жұмысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2023 21:25 Сурет: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Бартоғай су қоймасы маңында қар құрсауында қалып кеткен адамдарды эвакуациялау жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 3 қаңтарда сағат 20-30-да Республикалық жедел-құтқару жасағы тобының және Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының күшімен Бартоғай су қоймасы жағынан Фесенков атындағы Астрофизика институтының обсерваториясына жетпей 38 көлік табылды. 

Қар құрсауында қалып кеткен 53 адамның екеуі - бала. Жоғалып кеткен 7 адамнан тұратын отбасы да сол арадан табылды. Көбінің көлігінің жанармайы таусылып қалған. Қазіргі уақытта құтқарушылардың күшімен автокөліктерге жанар-жағармай құю және адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Экобекетке 8 әйел мен екі жасар бала жеткізілді. 

"Қар құрсауында қалып кеткен көліктер колоннасының қатарында ТЖД қызметкерлері, РЖҚЖ-ның құтқарушы-фельдшерлері бар, олар екі вахтовка автокөлігімен жылыту пунктін ұйымдастырды. Сондай-ақ, жергілікті атқару органдар мен волонтерлармен бірлесе отырып, жанар-жағармай, көрпелер мен азық-түлік (тез әзірленетін ланч-бокстар, бутербродтар, бәліштер, макарондар) жеткізу ұйымдастырылды". Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Эвакуациялау жұмысы қардың молынан түсуі және қар көшкіні салдарынан қиындай түсуде. Инженерлік және құтқару техникасы қар құрсауында қалып кеткен коллонаға қарай бағыт алып келеді.

"Сағат 17:30-дағы жағдай бойынша авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД-ның, Республикалық жедел-құтқару жасағының, полиция, облыстық денсаулық сақтау департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен және волонтерлардан тұратын 85 адам мен 38 техника жұмылдырылды". Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: