Таразда зейнетақы мөлшерін ұлғайтуға уәде берген ер адам ұсталды

Алаяқ қолға түсті Сурет: ҚР ІІМ
Тараз қаласының Полиция басқармасына алаяқтық дерегі туралы облыс орталығының 60 жастағы тұрғыны шағымданды.

Азаматша ер адамның сеніміне кіріп, зейнетақы төлемдерін көбейтуге көмектесу сылтауымен оның 950 мың теңгесін алдап алып, иемденіп кеткенін хабарлады.

Алайда жәбірленушіге уәде етілген көмек те көрсетілмеген, ақшасы да қайтарылмаған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады, деп жазады Polisia.kz. 

Ол 38 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ұсталған азамат өз кінәсін толығымен мойындады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз