Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстанда тағы тоғыз бала "Док-1 Макс" дәрісінен уланды

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2023 18:09 Сурет: pixabay
"ДОК-1 Макс" дәрісі Ташкент облысында тоғыз балаға кері әсер еткен. Олардың төртеуінің жағдайы тұрақты деп бағаланады, тағы бесеуі сауығып, үйлеріне босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ташкент облысындағы Уртасарай елдімекенінде  "ДОК-1 Макс" шәрбат дәрісін қабылдаған тоғыз бала өзін жайсыз сезінген. Бұл туралы 5 қаңтарда аталған аймақтың әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бес баланың сауығып, үйіне босатылғанын атап өтті. Тағы төртеуінің жағдайы тұрақты деп бағаланады, олар ауруханада ем-дом алуды жалғастырады. 

Ташкент облысының медициналық мекемелерінде "ДОК-1 Макс" препаратынан балалардың уланып, қайтыс болу фактілері тіркелмеген. 

Сонымен қатар әкімшілік құқық қорғау органдары өкілдерімен және аудандық және қалалық медициналық бірлестіктердің қызметкерлерімен бірге облыстағы барлық дәріхананы тексеріп, Quramax компаниясы шығарған препараттарды тәркілегендерін атап өтті.

Дәрігерлер мен медбикелер үй-үйді аралап, көпшілікке дәрігердің нұсқауынсыз қабылданған дәрі-дәрмектің теріс әсері болуы мүмкін екенін түсіндірді. Сондай-ақ олар үйдегі алғашқы көмекке арналған дәрі-дәрмек қобдишасын да тексеріп жатыр. 

Бұған дейін Сырдария мен Ферғана қалаларында сегіз балада "ДОК-1 Макс" шәрбат дәрісі теріс әсер тудырғаны хабарланған болатын.

Өзбекстанда Үндістаннан өндіріліп шыққан шәрбат дәріні қабылдаған 19 баланың көз жұмғаны расталды. Тергеу нәтижелері бойынша препарат партиясының құрамында улы зат – этиленгликоль нормадан 300 есе жоғары дозада болғаны анықталды.

19 бала қайтыс болғаннан кейін Өзбекстанда жаңадан тағайындалған Денсаулық сақтау министрі 2022 жылы Quramax компаниясы тасымалдаған барлық дәрі-дәрмекті сатуды доғаруды тапсырған болатын. 

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі атап өткендей, Қазақстанда мұндай препараттар сатылымға шықпаған.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: