Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте жоғалып, табылған 15 жасар оқушы қыз әке-шешесінен бас тартып отыр

Үйден қашу, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2023 19:31 Сурет: polisia.kz
Шымкентте Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жоғалып кеткен 15 жасар оқушы қызды іздеп тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 желтоқсанда Абай АПБ-ға жергілікті тұрғын кәмелеттік жасқа толмаған қызы жоғалғаны туралы шағымданған болатын. Белгілі болғандай, қыз туыстарымен жанжалдасып, үйінен шығып кеткен.

Бұған дейін жасөспірім 3 рет үйінен кетіп қалып, полицейлер оны анасына қайта тапсырған.

"Шымкент қаласы ПД-ның жедел уәкілдері, учаскелік инспекторлар мен еріктілер жоғалған қызды 7 күн бойы тоқтаусыз іздеді. Баланы іздеу жұмыстары Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында болды. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жедел уәкілдер жасөпірімді темір жол вокзалында тапты. Анықталғандай, Анель бұл күндері бейтаныс адамдардың үйінде жасырынған. Өз бетінше жұмысқа орналасуға тырысқан". Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі

Кәмелетке толмаған қыздың айтуы бойынша, үйден қашуға оның анасының жиі ұрып-соғуы себеп болған.


Жасөспірім үйге барудан түбегейлі бастартып отыр. Қазіргі таңда әкімдік, Білім басқармасы және полиция қызметкерлері тарапынан арнайы комиссия құрылды. Олар анасын ата-ана құқығынан айыру туралы құжаттарды жинайды. Бұл уақыт аралығында қыз Кәмелетке толмағандарды бейімдеу және оңалту орталығына орналастырылады.

Айта кетсек, Шымкентте 30 желтоқсанда 15 жасар Анель Сағидоллаева үйінен өз еркімен кетіп, сол күйі жоғалып кеткені хабарланған. Кәмелетке толмаған қызды полицейлер мен волонтерлар іздеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: