Жоғалып, шұңқырдан табылған 12 жасар баланы дәрігерлер тексеріп жатыр

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2022 20:15 Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен баланы полиция лейтенанты Тілек Ерлібеков тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баланы қазір медицина қызметкерлері тексеріп жатыр. Одан кейін бала ата-анасына табысталады.

Табылған кезде бала өзіне полицейден басқа ешкімді жақындатпаған.

Айта кетсек, 14 тамызда полицияға 2010 жылғы кәмелетке толмаған Тамирлан Ахмеджанов Тимурұлы жоғалып кеткені, оны табуға көмектесуді сұраған өтініш келіп түскен.

Тамирлан 14 тамызға қараған түні сағат 02:30 шамасында саяжай аумағында орналасқан үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Түнде оянған анасы баласын таппай қалған.

Бала аутизмге шалдыққан, сөйлемейді.

Іздеу жұмыстары кезінде көкке квадрокоптер де көтерілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: