Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында полиция жоғалып кеткен баланы іздеп тапты

Түркістан облысында полиция жоғалып кеткен баланы іздеп тапты , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2024 12:01 Сурет: unsplash
Түркістан облысында полиция жоғалып кеткен баланы аз уақыттың ішінде іздеп тапты.

Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйел хабарласып, өзінің 8 жасар ұлының мектептен үйге қайта оралмағанын айтып, көмек сұраған.

Полицейлер бірден тіркеуге алып жоғалған баланы іздеп табу үшін барлық күшті жұмылдырды. Тәртіп сақшылары елді мекеннің қараусыз қалған ғимараттарын, ауылға жақын аумақты түгел тексерді. Іздеуге ауыл тұрғындары қосылды.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары жедел-іздестіруінің арқасында 2-сынып оқушысын аз уақыттың ішінде іздеп тапты.

Белгілі болғандай, жоғалған бала мектептен шығып, көше бойында ойнап жүрген. Содан бала жол үстінде ойнап жүрген өзге балаларды көріп, бірге қосыла ойнай кеткен.

Полиция қызметкерлері жоғалған баланы іздестіру барысында бейнебақылау камерасы арқылы оның ойнап жүрген жерін анықтады.

Қазіргі таңда жоғалып кеткен бала үйіне қайтарылды. Ұлымен аман-есен қауышқан анасы баланы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: