Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен 12 адам табылды

Түркістан облысы, ТЖМ, тау, жоғалған адам, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2023 17:24 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен 12 адам табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 12 адамнан тұратын бір үйлі жан 31 желтоқсан күні қойшы ауылдағы үйіне демалуға барған. Екі күн бойы соққан қатты бораннан жолдар жабылып, олар кері қайта алмай, сол ауылда қалып қойған.

3 қаңтар күні отбасы мүшелері үйге оралмағандықтан, туысы құтқарушыларға хабар берген.

Ведомство өкілдері таратқан ақпаратқа сүйенсек, іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары мен өтімділігі жоғары техника, ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды.

"Құтқарушылар мүгедек әже мен екі қызды Түркістан қаласына эвакуациялады. Әжеге медициналық көмек қажет болған жағдайда, бұл жерге медицина қызметкерлерінің жетуі қиын болатын еді. Қалған 9 отбасы мүшесі  ауылдағы үйде қалды. Олар эвакуациядан бас тартып, жол ашылған соң үйлеріне оралатынын айтты".Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі


Төтенше жағдайлар департаменті дауыл жөніндегі ескертулерге құлақ асуға кеңес берді.

"Тауға шықпас бұрын сол аймақтың ауа райымен міндетті түрде танысыңыз. Жақындарыңызға жоспарланған тау бағыты мен қалаға қайту уақыты туралы хабарлаңыз. Бейтаныс жолмен жолды қысқартпаңыз. Сонымен қатар сізде зарядталған телефон мен паурбанк болуы керек. Төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз".Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі





 


 




Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: