Жаңалықтар тізбегі
0

Президентке ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 басшысы мен 114 мүшесі тұтқындалғаны баяндалды

Тоқаев Ахметжановпен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2023 14:44 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мемлекет басшысына мынадай баяндама жасады:

  • Құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін қабылданып жатқан шаралар елімізде кісі өлтіру қылмыстарының санын айтарлықтай азайтуға ықпал етті. Ұрлыққа және мал ұрлығына қатысты қылмыстарды ашу жұмыстары күшейтілді.
  • Ұйымдасқан қылмыстың шығу себебі мен қаржыландыру көздерін жоюға басымдық бере отырып, оларға қарсы күрес тәсілдерін өзгерту нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 басшысы мен 114 мүшесі тұтқындалды.
  • Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру барысында ұялы байланыс компаниялары "ауыспалы" нөмірлерден шалынған 5,5 миллион қоңырауды бұғаттаған. 
  • Министрлік алты ұйымдасқан қылмыстық топты жойып,  алаяқтық белгілері бар 165 сайттың жұмысын тоқтатты.
  • Ішкі істер министрлігі басқа құқық қорғау және арнаулы органдармен бірлесіп, 2781 есірткі қылмысын анықтады. Заңсыз айналымнан 15 тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 70 есірткі зертханасы жойылды және есірткі  жарнамалайтын 1990 сайт бұғатталды.


Президент кездесуде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, интернет-алаяқтықтың, ауылдық жерлердегі қылмыстың кез келген көрінісі бойынша алдын алу шараларын қабылдаудың және жедел әрекет етудің маңызды екенін айтты. Ол бұл бағытта ұйымдастыру жүргізіп, заңнамалық шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар ведомство басшысына елімізде жол қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: