Елімізде ауа райының нашарлауынан тас жолдардың 61 учаскесі жабылды
Сурет: Ақмола облысының полиция департаменті
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, күн райының бұзылуына және жол төсемін тазартуға байланысты тас жолдардың 61 учаскесі, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдардың 26 учаскесі жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтеншеліктер таратқан ақпаратқа сүйенсек, 9 қаңтар сағат 09:00-дегі жағдай бойынша мына өңірлерде автокөліктер жиналып қалды:
- Астана (8 автокөлік):
Астана – Щучинск-8 (жүк)
- Ақтөбе облысы (30 көлік):
Ақтөбе – Қарабұтақ-30
- Абай облысы (85 көлік):
Қалбатау ауылынан шығу-46
Көкпекті – Қалбатау-39
- Павлодар облысы (20 көлік):
Шідерті – Қарағанды-20
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, өткен тәулікте 37 адам эвакуацияланды және құтқарылды, оның ішінде 9 бала бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript