Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысындағы республикалық маңызы бар тас жолдарда қозғалыс тоқтады

жол, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2022 12:21 Сурет: Zakon.kz
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысындағы республикалық маңызы бар тас жолдар учаскелерінде көлік қозғалысы жабылды. Ақпаратты облыстың Төтенше жағдайлар департаменті таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК жарияланған дауылды ескертуге сай, 21 наурызда сағат 10:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қарлы боран, көрінудің шектелуі) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерінде көлік қозғалысы жабылды.

Олар:

  • Жақсы – Есіл – Бузулук автожолы, 0-82 км учаскесі (Жақсы ауылы – Бұзұлық а.);

  • Қостанай – Әулиекөл – Сұрған, 232-260 км учаскесі (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін);

  • Екатеринбург – Алматы автожолы, 856-1003 км учаскесі (Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Асбасар қаласына дейін);

  • Жезқазған – Петропавл автожолы, 377-595 км учаскесі (Қостанай облысының шекарасынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: