Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада республикалық маңызы бар автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабылды

Астанада республикалық маңызы бар автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 11:30 Сурет: Zakon.kz
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа-райының нашарлауына байланысты көлік құралдарының барлық түрі үшін республикалық маңызы бар автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазір ауа-райының нашарлауына байланысты көлік құралдарының барлық түрі үшін республикалық маңызы бар автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабылды. Олар:

  • Астана-Қорғалжын,
  • Астана-Ерейментау-Шідерті,
  • Астана-Анар станциясы,
  • Астана-Щучинск", - делінген хабарламада.

ТЖД қызметкерлері жоғары өтімді техникамен қаладан шығу бағыттары бойынша патрульдеу жүргізеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына барудан бас тарту, қырағы болу, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалау ұсынылады.

"Құрылыс объектілері халықты және аумақты қолайсыз ауа-райының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдасын", - деп қосты департамент.

Бұған дейін Астананың Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты өткен және қазіргі тәулікте 112 желісіне түрлі сипатта 3500-ден астам қоңырау түскенін хабарлаған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: