Алматыда пандемияда "ақша жасаған" спорт басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу аяқталды

Сыбайлас жемқорлық Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы Спорт басқармасының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Аталған басқарманың лауазымды тұлғалары 367 млн теңгеден астам ақша ұрлады деген күдікке ілінген болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы спорт басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде "Спорттық Алматы" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 367,4 мл .теңге сомасына бюджет қаражатын ұрлауды анықтады.

Пандемия кезеңінде (2020-2021 ж.ж.) басқарманың бұрынғы басшысы және оның қарамағындағылар ЖШС директорымен алдын ала сөз байласу бойынша коронавирус инфекцияcына байланысты бақылауды және шектеулерді әлсіретуді пайдалана отырып, ЖШС директорының туыстарының банктік шоттарына ақшалай қаражатты негізсіз аудару жолымен бюджет қаражатын ұрлағаны анықталды. Осылайша, бұрынғы басшы әлеуетті қызмет көрсетушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер бермей, ЖШС-мен заңсыз шарт жасасуды қамтамасыз етті.

Шарт жасалғаннан кейін пандемия сылтауымен қосымша келісімге қол қойылды, оның талаптары бойынша спорттық іс-шараларды өткізу өндірілетін шығындардың көрінеу жоғары құнымен ҚР спорт түрлерінің тізіліміне енгізілмеген онлайн жаттығулар мен турнирлерді өткізуге ауыстырылды.

Келісім шеңберінде мемлекеттік сатып алу арқылы спорттық құрал-жабдықтарды жалға алуға, сертификаттар мен кубоктар сатып алуға жалған шарттар ресімделді. Орындалған жұмыстардың жалған актілеріне сәйкес бұқаралық спорт түрлерін және дәстүрлі спорттық-бұқаралық іс-шараларды насихаттауға және дамытуға бағытталған 452 іс-шара өткізілді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта қылмыстық процеске қатысушылар іс материалдарымен танысты.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз