Жаңалықтар тізбегі
0

Елорда көшелерін қар мен мұздан тазалауға 2 мыңға жуық жұмысшы шықты

Коммунальдық қызмет, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2023 19:57 Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Елордада бұл күндері жауын-шашын көп жауды, сол сияқты аяз орнап тұр. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр. Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 1,7 млн текше метрден аса қар шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, 10 қаңтарда таңертең елорда көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2 мыңға жуық жол жұмысшы шықты, мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

9 қаңтардан 10-ына қараған түні қаладан 1 673 текше метр қар немесе 204 ауыр жүк көлігіне тең қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға 1,7 миллион текше метрден астам қар немесе 138 мыңнан астам рейс шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, қалада 30 градус аяз орнап тұр. Елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы және көшеде ұзақ уақыт жүрмеуі керек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: