Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақырды

ҚР Парламенті, мәжіліс, сенат, палаталардың бірлескен отырысы, Тұңғыш Президент туралы заң Сурет: primeminister.kz
11 қаңтар күні Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде ҚР Парламенті мәжілісінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған өкім мәтінінде.

11 қаңтар күні Конституциялық сот Тұңғыш Президент туралы заңның күші жойылды деп шешім шығарды.

ҚР Парламенті мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жою тәртібін түсіндірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз