Қошанов ҚР Парламенті палаталарын бірлескен отырысқа шақырды

ҚР Парламенті, Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті палаталары, бірлескен отырысқа шақыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2024 18:20 Сурет: primeminister.kz
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыс 14 маусымда өтеді. 

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 14 маусымда  сағат 09.30-да Астана қаласында шақырылсын",  деп жазылған өкім мәтінінде.   

Соңғы отырыстардың бірі 2024 жылдың 19 қаңтарында өтті. Отырыста Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қазақстандық әскери қызметшілерді БҰҰ бітімгершілік миссияларына жөнелту мәселесі бойынша депутаттарға жүгінді. Парламент БҰҰ миссиясына 430 қазақстандық бітімгер күшті жіберуді мақұлдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: