Жаңалықтар тізбегі
0

Желіде "Титаниктің" мерейтойлық нұсқасының трейлері жарияланды

"Титаник", Джеймс Кэмерон, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2023 13:21 Сурет: "Титаник" фильмінен кадр
"Титаник" премьерасының 25 жылдығына орай фильм жаңартылған форматта кинотеатрларда қайта прокатқа шығады. Мерейтойлық нұсқаның трейлері америкалық Paramount Pictures киностудиясының YouTube арнасындағы ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық релиз 2023 жылғы 10 ақпан – Валентин күніне орай жоспарланған.

Айта кетейік, "Титаник" осымен кинотеатрларда үшінші рет қайта көрсетіліп жатыр:

  • 2012 жылғы 5 сәуірде, апаттың 100 жылдығы және фильмнің шыққанына 15 жыл толуына орай, фильм 3D және IMAX 3D форматында көрсетілді;
  • 2017 жылғы 1 желтоқсанда шыққанына 20 жыл толуына орай "Титаник" АҚШ-та қайта прокатқа шықты.


"Титаник" – 1997 жылы режиссер Джеймс Кэмерон түсірген, аты аңызға айналған "Титаник" лайнерінің суға батуын көрсететін америкалық фильм. Фильм кейіпкерлері Джек Доусон мен Роза Дьюитт Бьюкейтер – әртүрлі әлеуметтік топ өкілі бола тұра, 1912 жылы Атлант мұхиты арқылы алғашқы және соңғы сапарын жасаған ғашықтар. Басты рөлдерді Леонардо Ди Каприо мен Кейт Уинслет сомдаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: