Жаңалықтар тізбегі
0

Күдебаевтың қашуы, адамдарды ұрлау: Бас прокуратураның қаңтардағы тәртіпсіздік туралы фильмі жарияланды

Қаңтар қақтығысы туралы фильм шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2023 11:55 Сурет: Zakon.kz
2023 жылдың 5 қаңтарында Қазақстан Бас прокуратурасының YouTube желісіндегі ресми арнасында қаңтардағы тәртіпсіздіктерге арналған фильм жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фильм 11 минут 10 секундқа созылады және қайғылы қаңтардың хронологиясын қамтиды.

Белгілі болғандай, қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде 12 ұйымдасқан қылмыстық топ белсенділік танытса, олардың ішінде ең белсендісі «Қазақстандық», «Айшуақ-Жантүгел» және «Жабайы Арман» тобы.

"Соңғылар әртүрлі аудандардан келген 24 адамды ұрлап әкеткен. Оларды ұрып-соғып, "Қазақстан" және "Ритц-Карлтон" қонақ үйлерінің тұрақтарында ұстаған", - делінген фильмде.

Сондай-ақ, қайғылы қаңтарда бірқатар өңірлерде ҰҚК жергілікті бөлімшелері мен ішкі істер департаменттерінің басшылары қарамағындағыларға жұмыс орындарынан кетуге бұйрық бергені белгілі болды.

Мысал ретінде фильмде Алматы облысы ІІД-нің бұрынғы бастығы, сол кезде комендант қызметін атқарған Серік Күдебаевтың полиция ғимаратынан шығып бара жатқан сәті түсірілген кадрлар көрсетілген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде 5 қаңтар күні сағат 10:00-де қаңтар оқиғасына арналған 2023 жылғы бірінші жалпы отырыс басталды.

Парламент Мәжілісінің алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қарулардың бүгінгі күнге дейін қаншасы табылғанын айтып берді.

Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов тергеудің мәліметінше, Алматыдағы Арман Жұмагелдиевке (Жабайы Арман) ерекше рөл берілгенін айтты. Оның ҰҚК кураторының келісімімен әрекет еткені анықталды. Бас прокурор сонымен қатар жоғары басшылықты кетіру операциясы мұқият жоспарланғанын айтты.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: